19 Нау 2025
Жаңалықтар

1 сәуірде Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады

1 сәуірде Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады

1 сәуірден бастап Қазақстанда бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау басталады. Балаларды мектепке қабылдау білім беру ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады. 

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалғасады. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Өтінішті "Электрондық үкімет" порталы арқылы. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.

Өзіңізді қызықтыратын ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңізге бекітілген білім беру ұйымына хабарласыңыз.

Пайдалы ақпараттық ресурстар